АСТАНА, 20 наурыз. Северодвинскідегі құқық қорғаушылар Иегова Куәгерлері ұйымының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости Архангельск облысындағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Архангельск облысының Северодвинск қаласында Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған және РФ Жоғарғы Соты экстремистік деп таныған Иегова куәгерлері халықаралық діни ұйым ұяшығының заңсыз іс — әрекеті тоқтатылды», — делінген хабарламада.
Хабарланғандай, Ресейдің Архангельск облысы бойынша ФҚҚ өңірлік басқармасының тергеу бөлімшесі Северодвинскінің үш тұрғынына қатысты «Экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу болжамы бойынша, күдіктілер Ресейде Иегова куәгерлері діни ұйымды тарату туралы біле тұра, Северодвинск аумағында экстремистік ұйымның қызметін өз бетінше жалғастырды.
«Оның аясында жасырын кездесулер мен экстремистік материалдарды зерделеу бойынша жеке сабақтар өткізіліп, жаңа қатысушыларды заңсыз іс — әрекетке тартып, Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйымның идеяларын насихаттады», — деп атап өтті ведомствода.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.