Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда сауда орталығы мен циркке «бомба қойған» қылмыскер ұсталды

АЛМАТЫ, 27 наурыз. Телефон арқылы алматыдағы цирк пен сауда орталығына «бомба қойдым» деп хабарласқан бұзақы ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 27 наурыз күні «102» нөміріне Абай көшесінде орналасқан сауда орталығы мен қалалық цирк ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

«Көрсетілген мекен-жайға полиция күштерінің патрульдік жасақтары, арнайы бөлімнің саперлері мен басқа да жедел қызмет көрсету мамандары жылдам жіберілді».

Ғимараттарды қарқынды тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғылары және соған ұқсас заттар табылмады.

Сонымен қатар, ғимараттарға «бомба» қойғаны туралы хабарлаған 1966 жылы туған Ф. есімді азаматты жедел іздестіру барысында ұсталды.

«Күдікті сол сауда орталығының дәретханасында жасырынып жүрген, оның мас екендігі анықталды. Бұзақы дереу қылмысын мойындап, жалған терроризм туралы хабарлама берген ұялы телефонын көрсетті», — деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дәурен Өтебаев.

Ер азамат мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндіріп бере алмапты.

Қазіргі уақытта Ф. есімді азамат қалалық наркологиялық орталыққа жатқызылды. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалған ақпарат таратқан қылмыскер 5 жылға сотталуы ықтимал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *