НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз. Ауғанстанның Нангархар провинциясында Ауғанстанның арнайы күштерінің операциялары кезінде Ислам мемлекетінің кем дегенде 87 содыры қаза тапты, деп жазады AфTAГ.
Әскери ақпарат көздерінің хабарлауынша, содырлар Нангархар провинциясының Ачин ауданында жойылды.
Шығыстағы Ауғанстан әскері Хаска-Мина ауданында ұшқышы жоқ авиация соққысы нәтижесінде ИМ ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) үш содыры өлтірілгенін мәлімдеді.
201-ші Силаб армиялық корпусының мәлімдеуінше, коалиция күштері Хаска-Мина ауданында әуе шабуылдарын бастады, кем дегенде үш ИМ содырын өлтірді.
Сонымен қатар, әуе шабуылы нәтижесінде өлтірілген содырларға тиесілі бірқатар қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.
Үкіметке қарсы қарулы топтар, соның ішінде ИМ-нің жақтастары, операция мен әуе шабуылдар туралы әлі түсініктеме берген жоқ.