НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Ұлыбританияның Бирмингим қаласында бес бірдей мешітке шабуылдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Islam Today.
Анықталғандай, ұсталған күдікті азаматтың психикалық ауытқушылығы бар екен. Осыған байланысты оған қатысты тергеу жұмыстары ерекше тәртіпке жүргізіледі. Business Standard мәліметінше, 34 жастағы күдікті полиция учаскесіне өзі келген.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, оның сыбайластары жоқ, қылмысты жалғыз өзі жасаған.
Еске салсақ, Бирмингем мешіттеріне шабуыл кезінде ғибадатханалардың терезелері қираған. Бұл қаладағы мұсылман қауымының алаңдаушылығын тудырды.