НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Ставрополь өлкесіндегі құқық қорғау қызметкерлері Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористтік ұйымына ант берген, террорлық актілерді дайындаған күдікті, Дағыстан тумасың ұстады, деп аймақтық ФҚҚБ сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Өлке аймағында террористтік шабуыл жасамақшы болған деген күдікпен, ИМ-не (Қазақстандағы тыйым салынған ұйым) ант берген, Дағыстан тумасы ұсталды», — деп хабарлады дереккөз.
Оның айтуынша, ұсталғанға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің «Терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның санкциясы бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған