НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. 27 наурызда үнді Гуджарат штатының жағалауынан, 72,5 миллион доллардан астам болатын есірткі тасымалдаумен айналысқан Иранның тоғыз контрабандистері ұсталды. Бұл туралы үндінің «Aдж так» жаңалықтар басылымына сілтеме жасай отырып REGNUM агенттігі хабарлады.
Контрабандистер Үндістанның жағалаулық күзет күштері мен Гуджарат штатының полициясының терроризмге қарсы әрекет ету жөніндегі бірлескен операциясы кезінде ұсталды. Гуджарат полициясы жұмыс тобының ресми есебіне сәйкес, қайықта 100 кг героин табылды, оның жалпы құны 5 миллиард рупий (шамамен 73 млн доллар) бағаланады.
Хабарламаға сәйкес, ұстау кезінде экипаж есірткіні өртеуге әрекет жасады. Ұсталғандардан жауап алу барысында, героин Пәкістанның Гвадар портында қайыққа тиелетінін анықталды. Қазіргі уақытта Гуджараттың құқық қорғау органдары осы жүкті алушыны іздестіру және ұстау бойынша операция жүргізіп жатыр.