Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Крайстчерч террористі мен Австрия оңшылдары арасында байланыс бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Австрия арнайы жасағы Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы терактіні жасаушы Брентон Таррант пен «Идентаристер қозғалысы» австриялық оңшылдар арасында байланыс бар екенін анықтады, деп kazislam.kz сайты хабарлайды.

Құқыққорғау органдарының мәліметінше, аталмыш ұйым террористен €1,5 тыс көлемінде қаражат алған.

Австрия Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қозғалыс белсенділерінің бірі Мартин Зеллнердің үйіне тінту жүргізлегенін, ол Тарранттан қаржылай көмек алғанын мойындаған.

Сондай-ақ, Зеллнер қаржы жібергені үшін террориске электронды пошта арқылы алғыс жазып жібергені де анықталып отыр.

Австрия канцлері Себастьян Курц террорист Брентон Таррант пен «Идентаристер қозғалысы» арасындағы байланысты жіті тергеуді талап еткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *