НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Бразилияның Сантус портында круиздік кеме бортына 360 кг-ға жуық кокаин алып жүруге тырысқан еуропалық туристердің тобы ұсталды, деп немістің n-tv арнасына сілтеме жасай отырып REGNUM ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еуропаға бет алған кемеге отырғызу кезінде 30 жасқа толмаған сегіз еркек пен сегіз әйел ұсталды. Франция, Бельгия және Бразилия азаматтары. Олардың әрқайсысында 16-дан 19 кг-ға дейін кокаин болды. Полицияның айтуынша, олар келісілген түрде әрекет еттті.
Сантус порты — Латын Америкасында ең үлкен. Мұнда жыл сайын есірткінің орасан зор көлемі ұсталады. 2018 жылы портта жалпы алғанда 23 тонна кокаин тәркіленді.