НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз. Германияның құқық қорғау органдары террористік шабуыл жасауды жоспарлаған күдікпен елдің батысында ұсталған бірнеше адамды бостандыққа жіберу туралы өкім етті, деп хабарлайды РИА Новости «Welt» газетіне сілтеме жасай отырып.
Бұрын хабарланғандай, полиция елдің батысында шабуыл жасау күдігімен кем дегенде он адамды ұстады. Прокуратура өкілінің айтуынша, 11 күдікті туралы айтып отырмыз.
Басылым хабарлағандай, прокуратура тергеу барысында «жарылғыш заттар мен қару-жарақ табылмады» деп мәлімдеді.
Алайда, құқық қорғау органдары мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндіретін қылмыстың болжанған дайындығы туралы ақпарат бойынша тергеуді жалғастырады, деп жазады газет.
Естеріңізге сала кетейік, топтың нақты мақсаттары туралы айтылмаған, бірақ ұсталғандардың ИМ террористік топқа (Қазақстанда тыйым салынған ұйымда) қатыстылығы бар екені ықтимал.