НҰР-СҰЛТАН, 01 сәуір. Полиция Киев орталығындағы «Глобус» сауда орталығын миналау туралы хабарды тексеріп жатыр, 300-ге жуық адам көшірілді, деп Киевтегі Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет басқармасының баспасөз хатшысы Светлана Водолагаға сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.
«Құқық қорғаушылар өзара іс-қимыл аясында «Глобус» сауда орталығының миналанғаны туралы Мемлекеттік Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметіне хабарлады. 300-ге жуық адам көшірілді, құқық қорғау органдары қызметкерлері бұл ақпаратты тексереді», — деді Водолага.
Миналау туралы ақпарат сағат 12.00-де (Мәскеу уақытымен) алынды.