Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Красноярскіде ірі аймақаралық есірткі өткізу каналдың жолы кесілді

НҰР-СҰЛТАН, 01 сәуір. Красноярск аймағы бойынша Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері аймаққа есірткі жеткізуге арналған ірі аймақаралық каналдын жолын кесті, деп мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып REGNUM агенттігі хабарлайды.

2019 жылдың ақпан айында екі Красноярск азаматы Санкт-Петербургте есірткі сатып алып Красноярскке жіберді. Олардың сыбайласын – жүк алушыны – ФҚҚБ қызметкерлері жүкті алған сәтте ұстады. Қылмыстық топтың қалған мүшелері де ұсталды.

Жүкте 1,5 килограмға жуық синтетикалық есірткілер мен 1 килограммнан астам табиғи жолмен шығарылған есірткілер, оның ішінде 150 грамм кокаин бар полиэтилен түйіншектері табылды. Алдын-ала мәліметке сәйкес, «қара нарықта» ұсталған есірткі партиясының құны шамамен 7 млн. рубльді құрайды.

ФҚҚБ қызметкерлері қылмыскерлер есірткі заттырың өздері ұйымдастырған интернет-дүкен арқылы сатқанын анықтады. Бұл ресурстың жұмысы тоқтатылды. Көптеген сату нүктелер саның, сондай-ақ есірткі «салынған» жерлерді анықтады.

«Есірткі заттарын сатып алуды қаржыландырумен, сондай-ақ кейіннен сатқан кезде олардың қорғаншылығымен этникалық қылмыстық қоғамдастықтың мүшелері айналысты», — деп Краснояр өлкесіндегі Ресейдің ФҚҚБ мәлімдеді.

Ақпан айында қылмыстық топтың үш мүшесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2018 жылдың қазан айында Красноярскіде қаланың маңында бау-бақша қауымдастығында есірткілабораториясын ұйымдастырған 29 жастағы ер азаматқа қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *