Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оқушыларға экстремизм мен терроризм қаупі түсіндірілді

НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. – 3-5 сәуір аралығында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері Сарысу ауданының орта мектеп оқушыларымен «Дін және жастар» тақырыбында кездесулер өткізді, деп KAZISLAM сайты жазады.

Кездесулер барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі мәселелері, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, облыстағы діни ахуалдың жағдайы, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді. Кездесулерге қатысушыларды әсіресе, экстремистік ағымдардың идеологиясының ерекшеліктері, қаржыландыру көзі, қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің түрлері жөніндегі сұрақтар қызықтырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *