НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. Мәскеу Мысырдың антитеррорлық бағыттағы күш-жігерін толығымен қолдайды, деп мәлімдеді РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
«Таяу Шығыс аймақтары тап болатын қатерлер туралы Ресей мен Мысыр ортақ түсінікке ие. Олардың ішінде халықаралық терроризм. Біз осы тақырып бойынша Мысыр әріптестерімен сараптамалық консультациялар мен жұмыс кездесулерін өткізіп жатырмыз және терроризмге қарсы бірлескен жаттығуларға қатысамыз», — деді Лавров « Әл-Ахрам» газетіне берген сұхбатында.
«Мәскеу Каирдің антитеррорлық майдандағы күш-жігерін толық қолдайды, оның ішінде Синайдағы жағдайды қалыпқа келтіру де. Мысыр қоғамын бөлуге тырысып, елдің басқа аймақтарына өз ықпалын таратуға тырысқан түбектегі экстремистік және террористік топтарды бейтараптандыру, тек мысырлықтардың ғана емес, Таяу Шығыстағы барлық елдердің мүдделеріне жауап беретініне сенімдіміз », — деді ол.
Лавров «терроризм бүкіл әлем қоғамдастығының күш-жігерін халықаралық құқық негізінде байланыстыру арқылы түбегейлі жойылуы мүмкін» деп атап өтті.