Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысында есірткі сатқан отбасы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері Алматы облысында есірткі саудасымен айналысқан жанұяны анықтады, деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭХО КАЗАХСТАНА хабарлайды.

Полиция қызметкерлері Қарасай ауданында арнайы операция өткізді. 19 сәуірден 20 сәуірге қараған түні Жандосов кентінде есірткіні сату мен таратуға күдікті 68 жастағы зейнеткер және 44 жастағы әйел ұсталды.

Ұсталғандар бір-біріне туысқандар болып келеді, бір үйде тұрады. Олар жалпы салмағы 13 г. жуық гашиштің бірнеше дозасын өткізу кезінде ұсталды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жыл басынан бері облыста жиырмадан астам есірткі сатушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Саудадан алынған есірткінің жалпы салмағы шамамен 344 килограммды құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *