НҰР-СУЛТАН, 23 сәуір. Ислам мемлекеті Шри-Ланкада болған бірқатар жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Рейтер.
Бұл ретте топ аралда болған шабуылдарға қатысы бар екенін дәлелдеген жоқ .
Жексенбі, күні Шри-Ланкада, жарылыстар сериясы болды: алғашқы алтысы Коломбо, Негомбо және Баттикалоада, жетіншісі аралдың батысындағы Дехивалда, сегізіншісі — Коломбо маңында. Бандаранаик халықаралық әуежайына апаратын жолда тағы бір бомба табылды.
321 адам қаза тапты, 520 адам зардап шекті.
Шенеуніктердің айтуынша, үш шіркеу мен төрт қонақүйге жасалған шабуылға кем дегенде жеті жанкесті лаңкес қатысты.
40 күдікті ұсталды. Сәуірдің жиырма үші күні елде аза тұту күні деп жарияланды.