Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Франция мен Жаңа Зеландия экстремизммен бірлесіп күреседі

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. Жаңа Зеландия билігі Франциямен бірге терроризм мен экстремизмді насихаттау үшін әлеуметтік желілерді пайдалануды шектейді. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып УРА хабарлады.  

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерна 15 мамырда Парижде Франция президенті Эммануэль Макронмен кездеспек. Олар сондай-ақ әлемдік көшбасшылармен және технологиялық компаниялар басшыларымен бірлескен саммит өткізуді жоспарлап отыр. Осылайша, Ардерна оларды «Крайстчерч шақыруы» атты акциясына  қатысуға шақырады.

Оның негізгі мақсаты — әлеуметтік желілердегі террористік  және зорлық  экстремистік контекті жою.

 «Facebook сияқты технологиялық платформалар лаңкестік құралы емес, экстремизммен күресу үшін жаһандық шешімдердің бір бөлігі болуға тиіс. Бұл кездесу үкіметтер мен технологиялық компаниялар арасында бірлікке қол жеткізуге мүмкіндік береді », — деді Жаңа Зеландияның Премьер-Министрі.

Еске салайық, 15 наурызда Жаңа Зеландияның шығысында Крайстчерч қаласындағы мешітте атыс нәтижесінде 50 адам қаза болып, 50 адам жарақат алған. Жалпы, атыс кезінде, ғимаратта бесін намазына  келген шамамен үш жүз адам болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *