НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) қолдауымен Thouheeth Jamath тобының террористері екінші жарылыс сериясын ұйымдастыруды жоспарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz .
Жергілікті барлау қызметінің мәліметтері бойынша, террористер шабуылдардан зардап шеккендерді жерлеу кезінде бірнеше жарылыс ұйымдастыруды жоспарлаған.
23 сәуірде ИМ Шри-Ланкада шабуылдарды ұйымдастырды деп жауапкершілікті өз мойнына алды. Оның өкілдері шабуылдардың мақсаты — террористермен соғысқан әскери коалицияға кіретін елдердің азаматтары мен христиандар болғанын айтты. Кейінірек террористік ұйым жарылыстардың жеті орындаушыланың атын жариялады .
21 сәуірде Шри-Ланкада сегіз жарылыс болды. Соңғы деректер бойынша 321 адам қаза тапты, 520 астам адам жарақат алды. Келесі күні, Шри-Ланка астанасында — Коломбода — жаңа жарылыс болды: қала шіркеулерінің бірінін жанында тоқтап тұрған шағын автобуста бомбаны алып тастау кезінде жарылыс болды.
Тергеу барысында жалпы алғанда 60 адам ұсталды, бірнеше ондаған адам іздестіруде. келеді. Билік өкілдері шабуылдардың жеті-сегіз жыл бойы дайындалуы мүмкін деп санайды.