Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шри-Ланкада тағы бір жойқын жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды. Оқыс оқиға ел астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде тіркелді. Бұл жолы зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, деп «Рейтерс» агенттігіне сілтеме жасап Астана телеарнасы хабарлайды.

Бұдан бұрын болған жойқын жарылыстан 359 адамның өмірі қиылды. Полициясы қылмысқа қатысы бар 60 күдіктіні қамауға алған. Белгілі болғандай, қанды шабуылды 9 жанкешті жасаған. Қастандық кесірінен елдің туристік саласы әжептәуір әлсіреп кетті. Туризим саласы мемлекеттің негізгі табыс көзінің бірі. Жыл сайын Шри-Ланка шипажайларына 2,5 миллион адам келеді. Қазір адамдар бұған дейін брондалған турларды жаппай тоқтата бастады. Қайғылы оқиғадан 4 күн өткен соң жергілікті тұрғындар бүгін жұмысқа шықты.

«Біз қорқынышпен өмір сүріп келеміз. Өз жұмысымызды істеп-ақ жүрміз, бірақ, әр минут сайын қатты қорқып отырмыз. Билет сатып алған адамдардың қолдарына ұстаған қорапта сәлемдемелері болса, біз бірден жүйкеміз жұқарып кетеді. Күн сайын мұнда келіп жатқан адамдарды көрген кезде, біз бәріміз террорист көргендей боламыз» , — деді Коломбо тұрғыны  Гави Сукумар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *