НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Жаңа Зеландияда Рамазан айында қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады. Бұл туралы Жаңа Зеландияның Ислам Қауымдастықтар Федерациясының (FİANZ) басшысы Мұстафа Фарук мәлімдеді, деп KAZISLAM сайты жазады.
Оның айтуынша, қауіпсіздік шараларын күшейту аясында мешіттерде ауызашарлар өткізілмейді.
FİANZ басшысы Жаңа Зеландияның полициясына қасиетті Рамазан айында мешіттерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетіні үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Жаңа Зеландияда мешіттеріндегі түрлі діндердің өкілдеріне ислам туралы айтылатын Ашық есіктер күндері маусымға ауыстырылды.
Осы демалыс күндері Жаңа Зеландияданың 10 мешітіңде жоспарланған іс-шаралар да өткізілетін болмайды, деді Фарук.
Сонымен қатар Жаңа Зеландия полициясы шіркеулерде, синагогаларда және мешіттерде қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.