Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Б.Жафари: Сирияда терроризм қаупі әлі де бар

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір.  АҚШ-тың ДАИШ жойылды дегеніне қарамастан, Сирияда әлі терроризм қаупі бар, — дейді Сирия үкіметі делагациясының басшысы, Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Башар әл-Жафари, деп KAZISLAM жазады.

Делегаттың айтуынша, Сирияда ДАИШ-тан қалған топтармен әлі де күрес жүріп жатыр.

«Біз Нұр-Сұлтан қаласына қатарынан 12-ші рет ат басын бұрғанымызға қуаныштымыз. Астана процесінің бұл раундының нәтижесінде алдыңғы келіссөздерде қозғалған мәселелерді тағы бір нақтылап, оған қоса бірқатар оң шешім қабылданды. Соның ішінде осынау басқосуға қатысқандардың Сирияның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын мойындап, сириялық Голан жоталарына қатысты АҚШ-тың көзқарасын құптамауын ерекше атап өткім келеді. Астана процесінің осы күнге дейінгі келіссөздерінің барлығында талқылаусыз қалмайтын тақырып – терроризммен күрес. Бүгін біз әртүрлі халықаралық тараптардың қолдауына ие ашық терроризм туралы сөз қозғадық. Шын мәнінде, бізді күйреткен қақтығыстар террористік соғыстардың салдарынан болды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі біздің елдегі терроризммен күрес жөнінде жеті қарар, соңынан тағы екі қарар қабылдады. Бұл Сирия үкіметінің Астана процесінде әрдайым білдіріп келген пікірін мақұлдайды» — дейді ол.

Айта кетейік, бірнеше елдің дипломаттарын, саясаткерлерінің басын қосқан жиында қонақтар халықаралық маңызды кездесуді ұйымдастыруға себепші болған Қазақстан билігіне ризашылығын білдіріп, Астана процесінің келесі кезеңін Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың шілдесінде өткізу туралы ұйғарым жасаған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *