НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір. Көптеген ақпарат құралдары оның өлгенін хабарлаған жағдайда ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абубакр әл-Бағдади кеше, дүйсенбі күні 2014 жылдан кейін бірінші рет бейнежазба арқылы сөз сөйледі, деп ParsToday хабарлады.
AlHadath телеарнасының мәліметі бойынша беттерін жапқан ДАИШ лаңкестерінің қасында тұрған ақ сақалды әл-Бағдади: «Сирияның шығысындағы «Әл-Бағур» қақтығысы аяқталды. Бірақ біз дұшпанға қарсы рақымсыз соғысты жалғастырамыз»,- деді.
Бұл бейнежазбаның түсірілген күні белгісіз болғанымен, әл-Бағдади әл-Бағур қақтығысының аяқталып, ДАИШ лаңкестерінің қалашықтан қуылғанын, яғни, бұл аймақтағы қақтығыстардың ДАИШ-тың сәтсіздікке ұшырауымен аяқталғанын мойындады. Әл-Бағдади, сондай-ақ, бұл бейнежазбада Пасха кезінде Шри-Ланкада лаңкестік әрекеттердің ДАИШ-тың Сириядағы сәтсіздіктеріне жауап екені туралы уәж айтты.