НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Лос-Анджелесте жарылыс ұйымдастырмақ болған бұрынғы әскери қызметкер 26 жастағы Марк Доминго тұтқындалды, бұл туралы Хабар 24 агенттігі хабарлайды.
Прокуратураның мәлімдеуінше Марк Доминго – Ауғанстанда жаяу әскер құрамында болған тәжірибелі сарбаз. «Жаппай қырып жоя қаруын» дайындауға қатысқан. Тергеу кезінде Доминго Жаңа Зеландия мешітіне жасалған шабуыл үшін кек қайтаруды көздегенін және бұл үшін жанкешті болуға дайын екендігін айтқан-мыс. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.