Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы: Аль-Багдади бейнежазбасының пайда болуы қауіпті прецедент

НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. Террористер өздерінің көшбасшылары туралы жалған ақпарат тарата алады, деп есептейді запастағы генерал-майор, Қарулы Күштер запастағы офицерлер бірлестіктері Ұлттық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Богатырев. Бұл туралы Sputnik Таджикистан жазады.

» Желіде ИМ көшбасшысы(ҚР  тыйым салынған ұйым) тірі екендігі туралы хабарлардың пайда болуы, ИМ — жалған жаңалықтар жасауға қабілетті, қажетті жағдайда жалған ақпаратты таратуға, басқа аймақтарда қайта жандануға және өз мүмкіндіктерінің кең ауқымында қауіп төндіруге қабілетті күрделі, жақсы жинақталған ұйым екенің тағы да  дәлелдейді «, — деп мәлімдеді Богатырев эфирде.

Әскери сарапшы әл-Бағдадиден бейнежазбасының  пайда болуы — «қауіпті прецедент»екенін атап өтті.

Осылайша, әлемнің барлық арнайы қызметтері жұмылдырылуға, бүкіл әлемдік жұртшылықты сақтауға, ИМ күресу үшін күш-жігерді біріктіруге тиіс, деп атап өтті Богатырев.

Наурыз айының соңында Ирак қауіпсіздік органдарындағы дереккөздің хабарлауынша,   Әбу Бәкір әл-Бағдади сыртқы келбетің  өзгертіп Сириядан Иракқа қашуға бірнеше табыссыз талпыныстар жасаған, сириялық Багузlf «ИМ соңғы қорғаны» аумағында ол жоқ.

«Әл-Бағдади Багузда емес, алайда ол сол жерге SDF қаланы алу бойынша операциясын бастағанға дейін бірнеше рет келді», — деді дереккөз.

«Қауіпсіздік органдарының (Ирак – ред.) ақпаратына сәйкес, ол Сирияның басқа ауданында орналасқан,сол жерден Иракқа бірнеше рет қашуға тырысқан, алайда халықаралық коалицияның авиациясы және» Аль-Хашд аш-Шааби» Ирак халық жасағының шекара маңындағы аймағында әрекет ететін күштері оны тоқтауға мәжбүр етті», — деп атап өтті дереккөз.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес әл-Бағдади «көбінесе әдеттегі азаматтық автомобильдерде немесе таксилермен қозғалады».

Соңғы уақытта ол өзін алып жүретін автоколонналардан бас тартты, оның күзетшілері «ИМ униформасынан ерекшеленетін Ауған киімдерін киеді», — деп нақтылады дереккөз. Сонымен қатар, ИМ басшысы сыртқы келбетін өзгертті , сақалын қысқартып, оны жирен қылып бояды, ол соңғы екі жыл ішінде жүріс-тұрысы аз өмір салтына байланысты артық салмақтан зардап шегеді, деп атап өтті дереккөз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *