НҰР-СҰЛТАН, 04 мамыр. Австралиялық қарт жұбайларға қателесіп 20 кг метамфетамин жеткізді. Бұл туралы 9 news телеарнасына сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлады .
Хабарланғандай, 1 мамырда жұп сәлемдемені алып, сол үшін қол қойды. Ақ ұнтақ пакеттерін тапқан соң, олар полицияға жүгінді.
Мәлімдемеге сәйкес сәлемдемедегі зат шамамен он миллион доллар болатын 20 килограмм метамфетамин болып шықты.
«Қате мекенжайға жіберілген он миллион доллар болатын есірткі — бұл біреудің соншалықты ұқыпсыз болуы мүмкін деген ғой, таң қаларлық жағдай»,-деп мәлімдеді детектив Мэттью Кершоу.
Оқиғаға байланысты полиция Мельбурн маңында тұратын 21 жасар Чжилин Маны ұстап, оған айып тағып отыр. Ол Марунд Террас көшесіндегі үйді тінту кезінде қолға түсті. Оқиға орнында полицейлер тағы да осындай 20 келі есірткіні тапты.