Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жат ағымның мақсаты не?

НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр.  – Шымкент қаласындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, дінтанушы Дәлелхан Оспанов дәстүрлі емес діни ағымдардың мақсаттары мен қоғамға теріс әсері турасында өз ойымен бөлісті.Бұл туралы KAZISLAM жазды. 

Орталық қызметкерінің айтуынша кез келген кісінің жат ағымдарды анықтау үшін дәстүрлі дінімізден бастау алу, ол үшін діни сауаттылықты қолға алып, діни танымды, ішкі сүзгіні қалыптастыру үшін де мамандарға жүгіну керек дейді.

«Қазақстанда ислам дінінің орнығып дамуы біркелкі еместігін көреміз. Әуелде асыл дінімізбен қауышуға асыққан мұсылман қазақ елі, ендігі жерде діни сенім негізінде дау-дамайға беріліп, бір-бірлерінің құлшылық ғибадатын жоққа шығаруға жол беруге дейін баруда. Бұл өз кезегінде дінге енді ғана бет бұрған жастарды, құлшылығын бастаған азаматтарды екі ұдай, дүдәмал халде қалдыруда. Мұның алдын алмаса ұлттың екіге жарылып, мемлекет тұтастығын жоғалтары күмәнсіз. Сыртқы күштің күткені де сол» — дейді Дәлелхан Оспанов.

Сонымен қатар, жат ағымдар өздерінің мақсаттарын, рухани байлықтарының құндылықтарын тым ерекше деп санап, қоғам ішінде вирус тықпалағаннан басқа пайдалы тұстары байқалмайды деп есептейді.

«Біріншіден, мемлекеттің iшкi қауіпсіздігіне зиян тигізуде.

Екіншіден, дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бip елді тоқырауға жіберудің бip тәсілі, түрлі жат діни ағымдар арқылы қоғам ішінде ipiткi тудырады.

Үшіншіден, дәстүрлі емес діни ағымдар білім мен ғылымға қарсы. Тәп-тәуір оқып жүрген студент жат ағымға кірген бойда оқуы нашарлап, тiптi тастап кетіп жатады. Ceбeбi, оған мемлекеттің болашағы қажет емес.

Төртіншіден, болашақ жастардың қолында деп білеміз. Олай болса, дәстүрлі емес діни қозғалыстар біздің болашағымыз деп үміт артып отырған жастарымызды өз қатарларына тартумен келешекке қayiп төндіреді.

Бесіншіден, уақыт өте келе дінаралық қақтығыс тудырады. Мысалы, соңғы уақыттарда кейбір отбасыларда әкесі бip дінді, баласы бip дінді, анасы бip дінді ұстанатын халге келдік.

Алтыншыдан, қоғамды діннен, руханияттан алшақтату арқылы қоғамды дінге қарсы қояды. Міне осындайлардың кесіренен бүгінде ислам дініне лайықты емес жағымсыз сөздер, атаулар мен келеңсіз оқиғалар және оның табиғатына сыймайтын ұғымдар тықпаланып келеді.

Нәтижесінде қоғамда дінге деген көзқарас бүлінуде. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар дәл осылай тайраңдап білгендерін жасай берер болса, болашақта қоғамды діннен, руханияттан азарда-безер ететін халге жеткізеді» — дейді дінтанушы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *