Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде миналау туралы хабарламалардан кейін 40-қа жуық нысан тексерілді

НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Мәскеуде құқық қорғау органдары қызметкерлері  «миналау»  туралы анонимдік хабарламалардан  кейін адамдар көп жиналатын 40-қа жуық объектілерді тексереді, деп елорданың шұғыл қызметтер өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Жалпы  Мәскеуде 36 нысанға  жарылыс қаупі төніп тұр. Олардың сегізінде тексеру аяқталды, одан жеті мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді», — деді агенттік өкілі.

Қаңтар айында Ресейде «миналау» туралы хабарлар мен қоңыраулардың жаңа толқыны басталды, Қиыр Шығыстан оңтүстік және солтүстік-батыс аймақтарға дейінгі қалаларды қамтыды.

Мұндай жағдай бір жыл бұрын болған. Ол кезде «миналау» туралы жаппай қоңырау шалу 2017 жылдың 11 қыркуйегінен басталды, Ресейдің 85 өңірінің 75-інде болды.

ФҚҚ мәліметтері бойынша, тек Мәскеуде ғана «миналаудан» шығын 150 миллион рубль болды. Барлығы ел бойынша мыңдаған сауда орталықтарынан, станциялардан және басқа да нысандардан шамамен 2 миллион адам эвакуациаланды. Жарылыстар қаупі бір де бір рет расталмады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *