НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр. Шетелдік әріптестермен өзара әрекеттестікте жедел іздестіру шаралары барысында халықаралық террористік ұйымдарға қатысы бар екені үшін іздестіруде болған Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы МҰҚК баспасөз-орталығы сілтеме жасап 24.kg ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ұсталған А. Н. сириялық-ирак қарулы қақтығыс аймағында диверсиялық-террористік дайындықтан өтті және жалған құжаттар бойынша ТМД елдерінің біріне террористік ұйымдардың басшыларынан нұсқаулар күту үшін шықты.
Сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі.
Ұсталған азамат ҚР МҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.