Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Буркина-Фасода 4 адам лаңкестерден азат етілді

НҰР-СҰЛТАН,11 мамыр. Буркина-Фасода Францияның арнайы әскери тобы лаңкестердің қолынан 4 азаматты босатты.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі хабарлайды. 

Операция осы елдің солтүстігіндегі Сахель ауданында жүргізілді. Оның барысында 4 содырдың көзі жойылып, 2 жауынгер оққа ұшты. Тағы 2 содыр қашып кеткен. Ал лаңкестердің қолында тұтқында болғандар Франция, АҚШ жән Оңтүстік Корея азаматы. Олар мамырдың 1-і күні Бенинде жергілікті гидпен Пенджари ұлттық паркіне саяхаттауға барып, жоғалып кеткен болатын.

«Бұл лаңкестер мен қарулы топтарға сабақ болуы тиіс. Біз француз жұртына шабуыл жасаған содырларды қай жерде немесе қай елде болмасын, аяусыз жазалауға дайынбыз. Мемлекет өз азаматтарын әрқашанда қорғайтын болады», — деді Франция қорғаныс министрі Флоранс Парли.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *