НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. KAZISLAM – Маңғыстау облыстық Дін мəселелері бойынша
ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында
«Деструктивті керағар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу
өтті, деп Орталықтың facebook парақшасына сілтеме жасап Kazislam сайты жазды.
Орталық мамандары «Қазақстан Республикасында діни экстремизм жəне
терроризмге қарсы іс–қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама» аясында Ақтау қалалық «Болашақ» колледжінде студеттер жəне
жұмыссыз жастармен кездесті.
Шараның мақсаты – халыққа діни тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында
дұрыс ақпарат беру жəне түсіндірме жұмыстарын жүргізу, теріс пиғылды
ағымдардың алдын алу. Сондай-ақ, жастарға елімізде тыйым салынған
халықаралық террористік ұйымдар жайында баяндалып, олардың қауіптілігі
нақты мысалдармен түсіндірілді.
Кездесуде колледж студенттері көкейде жүрген сауалдарына дінтанушы
мамандар тарапынан тұшымды жауаптарын алды.