НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. Ливия парламенті «Мұсылман бауырлар» қозғалысын террористік топ деп тану және оның ел аумағында әрекет етуіне тыйым салу туралы дауыс берді, деп хабарлайды Islam Today.
Al-Arabiya телеарнасының мәліметінше, Тобруктегі Палата өкілдерінің басым бөлігі бұл бастамаға қолдау білдірген.
Еске сала кетсек, қазір Ливияда биліктің екі орталығы қатар әрекет етуде. Оның бірі – халықаралық қауымдастықтар мойындаған Триполидағы Фаиз Сарадждың Ұлттық келісім үкіметі және елдің шығысындағы Абдалла Абдуррахманның уақытша министрлер кабинеті. Екінші үкіметті ел парламенті таңдаған және Халифа Хафтардың Ливия ұлттық әскері қолдау көрсетеді.
4 сәуір күні Хафтар әскері «Триполидегі террористерге қарсы операция» басталғанын мәлімдеді.