АТЫРАУ, 18 мамыр. Атырау облысында 2019 жылы 49 адам есірткінің заңсыз айналымы үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылғы жылы қала тұрғындары мен қонақтары әдеттегі есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін ғана емес, алты адам дәрі-дәрмек таратқаны үшін де ұсталды.Олар ауыруды басатын тромадол және құрамында кадеин бар тропикамид көз тамшыларымен заңсыз сауда жасаған. Бұл дәрі — дәрмектер дәріханаларда тек дәрігердің рецептісі бойынша беріледі», — деді Атырау облысы полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Роман Ермұханов.
Дәрілік препараттармен сауда жасағаны үшін ұсталған адамдар 424-бап 1-тарауы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген. Бұл бап заңсыз медициналық қызмет үшін жазаны көздейді.