НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Тәжікістанда бірлескен тәжік-казақстандық терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті, деп жазады ТаджикТА.
«Тәжікстан мен Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің терроризмге қарсы оқу-жаттығулары ағымдағы жылдың 13-17 мамыр аралығында Фахрабад әскери оқу-жаттығу полиганында өтті», — деп хабарлады Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығулардың алдында қазақстандық әскери делегация Фахрабад полигонындағы жағдайлармен танысты. Оқу-жаттығудың аңызы бойынша, полигонның оқу ғимараттарының бірің шартты жау басып алды, екі елдің әскери күштері шартты жауды залалсыздандыру бойынша бірлескен операцияға кірісті.
Тәжік және қазақстандық әскерилер міндетті сәтті орындады.
Терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға қатысушыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.