Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Есірткінің дәмін 14 жасымда тарттым…

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр.Елімізде есірткіге әуес жастар саны 20 мыңнан асқан. Бұл тек ресми дерек. Бұдан бөлек жыл өткен сайын нашаға еліріп, спирттік ішімдіктерге әуес жастардың қатары көбейіп бара жатыр. Мұны нарколог мағандар растап отыр.Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап  Караван жаңалықтары хабарлайды.   

«Мен өзімді алғаш уақытта тәуелдімін деп те есептеген жоқпын. Жеңіл есірткі мен үшін ойын сияқты көрінетін. Кейін героин және басқа да ауыр нашаға көштім. Кейін әскерге барып ес жиып келемін бе деп едім алмады. Солай біраз жылдар адастым. Кейін Алматыда оңалту орталығына барып ем қабылдай бастағанда көзім ашылды», — дейді оңалту орталығының емделушісі.

Нұрлан Тұрсынбеков науқастарды емдеумен біраз жылдан бері айналысып келеді. Арнайы бағдарлама жасақтап, нашаға әуес болғандардың бетін бері қаратуда. Орталықтың байланыс нөміріне күнделікті 15-тен астам хабарлама түседі екен. Шағымданушылардың дені нашақорлардың туған-туыстары. «Қазір синтетикалық есірткінің кеңінен таралып жатқаны өз алдына үлкен проблема болып тұр» — дейді ол.

«Біздің республикаға жан жақтан жолын тауып түседі. Кейін әлеуметтік желі арқылы оған қол жеткізу оңай болады. Оның бағасы да қатты қымбат емес. Сол үшін оқушылар, студенттер оны алуға мүмкіншілігі жетеді. Ол қала берді бүгінгі күнге мысалы ата-аналар көп көңіл бөлмейді, мән бермейді», — деді оңалту орталығының жетекшісі Нұрлан Тұрсынбеков.

Нашаға әуес жастар көбейді деп отырмыз. Алкогольге әуестенгендердің де қарасы мол көрінеді. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша ішімдікті ең көп тұтынатын елдердің ондығына кіріппіз. Сүйінші сұрап, бөрікті аспанға атып бөлісетін жаңалық емес әрине. Бірақ, бұл статистикаларға қарап-ақ, уақытында сабақ алуымыз қажет сияқты.

«Осы қарқынмен кете беретін болса бізде Ресейдің жағдайы болуы мүмкін. Яғни эффектісі. Ресейде қазір демографиялық өсім жоқ қой. Табиғи өсім төмен деуге келмейді ол кері қарай кетіп бара жатыр. Оның барлығы алкогольді тұтыну т.б. Бізде әзірге демографиялық проблема жоқ. Аз қарқынмен болса да өсіп жатыр. Бірақ мына әлеуметтік мәселені шешіп, демография мәселесіне жеткізбей алдын алу шараларын қолдану керекпіз», — деп мәлімдеді әлеуметтанушы Исатай Минуаров.

Мамандардың айтуынша есірткі қабылдап, ішімдік ішуге және құмар ойынға адам көбіне екі жағдайда барады. Бірі асып-тасып жүргенде иә болмаса тарыққанда. Ауру адам өзінің жағдайына толық баға бермей оны емдеу қиынға соғады екен.

«Центрдегі оңалту процесін тәмамдағаннан кейін біз байланыста боламыз. Постлечебный программа деген бар. Ол да бір 3  ай өтеді. Оны бітіргеннен кейін тұлға, адам бізбен байланыста болады 1 жылға дейін. Жәрдем беріп жүреміз», —  деді оңалту орталығының жетекшісі Нұрлан Тұрсынбеков.

Ем-домға шамамен 1 жыл уақыт кетеді. Оның өзі аздық етуі мүмкін. Себебі, аталған дерт тұмау емес, дәрі ішкен соң  бірден жазылып кете алмайсың. Мамандар балаңыз кіммен, қайда, не істеп жүргенін біліп, өмірінен хабардар болып жүруге кеңес береді. Теріс жолға бір түссе, кейін бетін бері қарату қиынға соғады екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *