НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр. Махачкалада мешіт келушілерің, қызметкерлерің және жақын маңда болған адамдарды «минилау» туралы жалған хабарлама үшін эвакуациялады, деп Дағыстан бойынша ІІМ сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Кезекші бөлімге Махачкаладағы Имам Шамиль даңғылында орналасқан Жұма мешітінің миналауы туралы қоңырау келіп түсті. Дабыл бойынша полиция нарядтары көтерілді, ғимарат Дағыстан бойынша ІІМ қызметкерлерімен қоршалды, барлық шұғыл қызметтер шақырылды. Мешіттегі және оған жақын жердегі адамдар эвакуацияланды», —мекеменің Instagram-дағы ресми парақшасында деп жазылған.
Хабарланғандай, жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. «Телефон хабарламасы расталмады. Қазіргі уақытта терроризм актілері туралы жалған хабарламалар беруге қатысы бар қаскүнемді анықтау бойынша іс — шаралар жүргізілуде», — деп атап өтті ІІМ.
Қаңтар айында Ресейде «миналау» туралы хабарлар мен қоңыраулардың жаңа толқыны басталды, Қиыр Шығыстан оңтүстік және солтүстік-батыс аймақтарға дейінгі қалаларды қамтыды.
Мұндай жағдай бір жыл бұрын болған. Ол кезде «миналау» туралы жаппай қоңырау шалу 2017 жылдың 11 қыркуйегінен басталды, Ресейдің 85 өңірінің 75-інде болды.ФҚҚ мәліметтері бойынша, тек Мәскеуде ғана «миналаудан» шығын 150 миллион рубль болды. Барлығы ел бойынша мыңдаған сауда орталықтарынан, станциялардан және басқа да нысандардан шамамен 2 миллион адам эвакуациаланды. Жарылыстар қаупі бір де бір рет расталмады.