НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Ресей мен Франция мемлекет қауіпсіздігі мәселесінде, әсіресе халықаралық терроризмге қарсы күресте бірлесе күресуі қос тарапқа да пайдалы. Бұл туралы France Info радиостансасында сұхбат барысында «Ұлттық бірлестік» партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен мәлімдеді, деп Islam Today сілтеме жасап Kazislam жазады.
Саясаткердің айтуынша, Ресей мен Францияны «көне де тарихи қарым-қатынас» байланыстырады.
«Бүгінде ешбір ел суық соғыс мәселесіне мүдделі емес. Ал халықаралық терроризм қауіп-қатерінде Ресей мен Франция одақтасқаны тиімді болар еді» деп атап кетті ол.
Ле Пеннің пайымдауынша, Ресейдің ДАИШ террористік ұйымына қарсы күресі Еуропа елдеріндегі қауіп-қатер деңгейін едәуір төмендетті.