Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарин: Азаматтарымыз Сирияда қала берсе – мемлекетімізге қауіп

Нұр-Сұлтан. 20 мамыр. – Қазақстан азаматтарының Сирия және Ирак жерінде қалуы болашақта мемлекетімізге екі есе, он есе қауіпті болуы мүмкін, — дейді ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин. Бұл туралы ол «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Мінбер» бағдарламасында мәлімдеді, деп  KAZISLAM хабарлайды. 

«Елімізде соңғы жылдары радикализмнің артуы себепті террористік-экстремистік қауіптің күшейгені белгілі. Лаңкестік әрекеттер, оқиғалар да болды. Бірақ, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан антитеррористік саясаттың бірден-бір нәтижесі – радикализмді үндейтін қандай да бір топтың, қозғалыстың, ұйымның қалыптасуына, олардың топтасуына жол берген жоқпыз. Сондықтан, Сириядағы азаматтарымызды, соның ішінде әйелдер мен балаларды елге қайтаруымыздың бірінші мақсаты – оларды болашақта басқа бір ұйымдардың қатарына келіп қосылуына жол бермеу. Екіншіден, осы әйелдер мен балаларды басқа бір күштердің өз мақсаттарына пайдаланып, келешекте жаңадан ұйым немесе топ құруына жол бермеу. Яғни, бұл әрекет – әйелдер мен балаларды қайтару үшін гуманитарлық мақсатта жасалды әрі ұлттық қауіпсіздік мақсатында жан-жақты талданып барып жасалған қадам» — деді Е.Қарин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *