Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАЙҚОҢЫР, 22 мамыр.  Байқоңыр қалалық сотында әлеуметтік желі арқылы діни араздық тудырған 32 жастағы азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері былтыр маусым айында интернет желісіне мониторинг  жүргізу барысында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыз таратумен айналысқан азаматты анықтады. Ол ғаламтордағы «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасы арқылы деструктивті діни ағымның идеологтарының халық арасында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарын таратқан.

«Бұл дерек бойынша аталған азаматқа қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Байқоңыр қалалық сотымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Байқоңыр қалалық сотымен үкімімен оның 3 жылға бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ, ол пробациялық бақылауға алынды.

Бұдан бұрын Қызылордада мас әйел жасөспірімге күш қолданбақ болғанын хабарлаған едік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *