Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шу алқабында қарасора өсіретіндерді ұстау үшін әуе техникасы қолданылмақ

ТАРАЗ, 25 мамыр.  Жамбыл облыстық полиция департаменті «Көкнәр-2019» операциясына дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есірткіге қарсы күрес — Жамбыл өңірі үшін аса өзекті, себебі облысымызда 140 мың гектар аумақты алып жатқан атақты Шу алқабы бар. Жыл сайынғы «Көкнәр-2019» операциясы құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктер қаптап шығып, пісіп-жетілген мезгілде, яғни маусымнан қазан айына дейін өткізіледі. Мақсаты — Шуда өсетін қарасораны өсіру процесін анықтап, жолын кесу. Сондай-ақ, операция кезінде Шу алқабындағы есірткіні сақтау орындары мен әкету каналдары белгілі болады. Марихуананы ел ішінде және шетелге тасымалдайтын ұйымдасқан қылмыстық топтар анықталады», — деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

«Көкнәр-2019» операциясы 1 маусымда басталады. Іс-шара алдында Жамбыл облысының Шу қаласына Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Махамбет Әбисатов келді. Ол жергілікті полиция басшыларымен бірге Жамбыл облысы полиция департаментіне қарасты «Дельта-Алқап» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл өңіралалық бөлімінде болды. Министрдің орынбасары жеке құраммен танысып, «Дельта-Алқаптың» іс-шараны өткізуге қажетті арнайы құралдарының және жоғары өтімді арнайы техникасының бар-жоғын тексерді.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру және есірткінің облыстан тысқары шығарылуына жол бермеу мақсатында операция кезінде заманауи техникалық құралдармен жабдықталған мобильді оперативті-іздеу топтары қолданылады.Адам аяғы жете бермейтін шалғай елді мекендерде арнайы іс-шараны өткізу үшін әуе техникасы пайдаланылады. Құмды аймақтарды патрульдеу үшін өтімділігі жоғары автокөліктер, арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен қызметтік иттер жұмыс істейді»,- деп атап өтті Махамбет Әбисатов.

Сосын ішкі істер министрінің орынбасары республикалық нұсқаулық отырысқа қатысып, Қазақстанның бүкіл өңірлеріндегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл туралы басқармалар есебін тыңдады. Кездесу барысында мәселелер көтеріліп, жоспарлар талқыланды және алдағы уақытқа міндеттер белгіленді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *