Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысында ауылға жарылғыш зат қойылды деген азамат ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 26 мамыр. Алматы облысының Талғар ауданында жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған азамат ұсталды. Күдікті 26 мамыр күні полицияға қоңырау шалып, Жалғамыс ауылы маңындағы су сорғыш стансасына мина қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтылған орынды полиция қызметкерлері қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар иісшіл иттермен тексеруге кіріскен. Нысан аумағында ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Жедел іздестіру жұмыстары басталып, санаулы сағатта қоңырау шалған 42 жастағы ер азамат ұсталды. Қазіргі таңда терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары Талғар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *