НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр.Лионадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп ҚР СІМ сілтеме жасап Эхо Казахстана хабарлайды.
Француздық Лион орталығында, Виктор Гюго көшесінде 24 мамырда лаңкестік әрекет орын алды. Жарылыстың себебі көшенің жаяу жүргіншілер бөлігінде қалған жарылғыш зат салынған орама болды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында ораманы жеткізген велосипедші екені анықталды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұрынырақ араларында бала болған жеті құрбандар туралы мәліметтер берген. Қазақстан СІМ-нің нақтылаған мәліметтері бойынша зардап шеккен он үш адам белгілі болды, олардың он бірі медициналық мекемелерге жеткізілді. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алды.
Францияның құқық қорғау органдары осы трагедияда зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады.