Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қостанай ауруханасындағы бомба туралы ақпарат жалған болып шықты

ҚОСТАНАЙ, 27  мамыр.  Қостанай облысының полицейлері Жітіқара аудандық ауруханасының электрондық поштасына келген жарылғыш зат туралы хабарламаны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жітіқара аудандық полиция бөліміне сағат 10.20 шамасында аудандық аурухананың фельдшері қоңырау шалып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылған болуы мүмкіндігі туралы хабарлады.  Хабарламаны тексеру үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен мүдделі қызметтердің өкілдері жұмылдырылды. Адамдар оқшау аймаққа көшірілді», — деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Арнайы қызмет мамандары ғимарат пен іргелес аумақта тексеру жұмыстарын жүргізді. Жарылғыш құрылғы туралы ақпарат расталмады.

«Қазіргі уақытта осы хабарламаны жіберген тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылдануда», — деді Полиция департаментінен.

Еске салсақ, бүгін Жітіқара аудандық ауруханасының электрондық поштасына жарылғыш зат туралы хат түсті. Ғимараттан емделушілер мен қызметкерлер дереу эвакуацияланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *