Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. Талибан  экстремистік қозғалысының содырлары дүйсенбі күні кешке батыстағы  Гор провинциясының екі елді мекенінде аласат салды, деп хабарлайды АфТАГ.  

Бұл аулдар провинцияның астанасы, Фирузкох қаласының шетінде орналасқан. Содырлар бейбіт тұрғындардың үйлеріне басып кіріп, оларды сол жерде өлтірді.

Кем дегенде 16 тұрғын қаза тапты, олардың қатарында әйелдер мен балалар бар. Сонымен қатар  талибтермен айқаста жергілікті тұрғындарды қорғауға тұрған 5 полиция қызметкері қаза тапты

Сондай-ақ, жақын маңдағы госпитальға көшірілген тағы да 16 бейбіт тұрғын жарақат алды. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің жағдайы олардың өміріне қауіп төндірмейді.

Провинция губернаторының баспасөз қызметі хабарлағанындай, «Талибандар» да шығынға ұшырады, бірақ қаза тапқандар мен жараланғандар саны нақты көрсетілмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *