НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында бомба салынған автокөліктің жарылысы нәтижесінде кем дегенде сегіз полиция қызметкері қаза болып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Хабарламада айтылғандай, автокөлікті басқарған жанкешті-лаңкес полиция лагеріне шабуыл жасауға тырысты.
Басқа ешқандай мәліметтер әлі берілмеген.