НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Иерусалимдегі Дамаск қақпасы маңында пышақпен қаруланған лаңкес жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, салдарынан екі тұрғын жарақаттанды.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі жазады.
19 жасар палестиндік күдікті алдымен 50 жастағы ер кісіге пышақ сұққан. Зардап шегуші ауыр халде емханаға жеткізілді. Ізінше лаңкес жасөспірімге шабуыл жасаған. Израильдік полиция өкілдері бұл қылмысты терактілік акт деп мойындады.