Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Севастопольде «Иегова куәгерлері» ұяшығының қызметі тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым.  Севастопольдегі ФҚҚ қызметкерлері «Иегова куәгерлерінің» жергілікті ұяшығының қызметін анықтап, тоқтатты, деп облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Жергілікті тұрғын Севастопольде «Иегова куәгерлерінің» қызметін ұйымдастырды. Ер адам кездесулер өткізді, осы діни сектаның идеяларын насихаттады, сондай-ақ оның қатарына жаңа жақтаушыларды тартты», — деп ФҚҚ басқармасы хабарлайды.

Тінту барысында 70-тен астам экстремистік әдебиет, уағыз өткізу  және қайырымдық жинау туралы 250 есептер,  ұйымның брошюралары, діни дәрістер, астыртын жұмыс жасау туралы және құқық қорғау органдарымен байланыс жасау туралы нұсқаулықтар, қан құюдан бас тарту туралы бланктер, сондай-ақ телефондар, ноутбуктер, электронды ақпараттар тасушылары табылды.

«ФҚҚБ тергеу бөлімі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282.2 бабының 1 тармағында (экстремистік ұйым қызметін ұйымдастыру) көзделген қылмыс негізінде оған қарсы қылмыстық іс қозғады», — делінген хабарламада. Күдіктіге бұлтартпау шарасы қарастырулуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *