Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Құқықтық тәртіп «жедел алдын алу шарасы нәтижесінде Қазақстанда 45 кг жуық есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Ағымдағы жылғы 1-5 маусым аралығында қоғамдық және жол қауіпсіздігін, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алып, жалпы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ел аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды. 

Оның ең басты міндеті – қылмыстарды ізін суытпай ашу, құқық бұзушылықтарды, соның ішінде жол ережесін өрескел бұзушылықтарды алдын алу.
Операция қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 2000-нан астам қылмысты ізін суытпай ашты, соның ішінде ертеректе жасалған 642 қылмыс, нақтырақ айтқанда 5 кісі өлтіру, 47 тонау қылмысы анықталды және ә қарақшылық шабуыл. Шара барысында іздеуде жүрген 100 қылмыскер ұсталды, деп атап өтті брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.
Сонымен бірге 58 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, мас күйінде автокөлік басқару, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, темір жол өткелдерінен өту ережесін сақтамау, елімізде болу тәртібін бұзу сияқты қылмыстар тіркелді.
Полиция қызметкерлері сондай-ақ, есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 158 фактісін анықтады, 44,7 келі есірткі тәркіледі, сондай-ақ заңсыз сақталған 135 дана атыс қаруы алынды. Оның 100-і тегіс ұңғылы, 26-сы травматикалық немесе газды қарулар.
Жалпы, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы кезінде қалалар мен елдімекендер көшелерінде, қоғамдық орындарда жедел жағдайдың жақсарғаны байқалды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *