НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Пальмираның оңтүстігінде Сирия армиясының патруліне «Ислам мемлекеті» тобы содырларының шабуылынан кейін үш жауынгер қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Al-Masdar News порталына сілтеме жасап.
Порталдың мәлімдеуінше, террористер торуылдан шабуыл жасаған, қаза тапқандардың арасында бір офицер бар.
Портал атап өткендей, соңғы уақытта террористер САР әскерилеріне және оның одақтастарына шабуыл жасауды жиілетті. Өткен айда 100 әскери қызметкер мұндай шабуылдардың құрбаны болды.