ТАРАЗ, 10 маусым. Жамбыл облысы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің қатері» тақырыбында семинар өтті, деп kazislam жазады.
Семинарда Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері А.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын, қоғамдық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттің дін саласындағы саясатын, толеранттылық мәселелерін кеңінен сөз етті.
Сонымен қатар, радикалды діни ағымдардың зияны мен деструктивті ағымдардан сақтану жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинарға қатысқан мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға, орталық маманы жауап берді.