НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди аймақтағы және бүкіл әлемдегі терроризм қаупіне қарсы күрес бойынша жаһандық конференция өткізуге шақырды, деп TOLOnews-ке сілтеме жасай отырып ИрТАГ хабарлайды.
Мальдив елінің астанасы Мале қаласында, қайта сайланудан кейінгі алғашқы шетелдік сапарында парламент алдында сөз сөйлегенінде «терроризм — тек бір елге ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіреді» деп айтты.
«Халықаралық қауымдастық жаһандық конвенцияны және климаттың өзгеру қаупі бойынша көптеген конференцияларды белсенді түрде ұйымдастырды. Неге терроризм мәселесі бойынша емес? «- деді Моди.
Ол «лаңкестер мен олардың жақтастары қолданатын айлаларды жою бойынша нәтижеге бағытталған мазмұнды пікірталастар болатын» жаһандық конференцияны өткізуге шақырды.
Оның келесі аялдамасы, қауіпсіздікке басты назар аударатын, Шри-Ланка астанасы, Коломбо болады.
Естеріңізге сала кетейік, пасхалық жексенбіде болған жарылыс толқыны бүкіл Шри-Ланкада 250-ден астам адамның қаза болуына алып келді.