НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Таяу Шығыстағы жауынгерлік аймақта Өзбекстанның шамамен 3 мың азаматы бар. Бұл туралы MY5 телеарнасында сөйлеген республика мұсылмандары басқармасының төрағасы муфти Усмонхон Алимов мәлімдеді, деп жазады EADaily .
Муфтийдің сөзіне қарағанда, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағындағы Өзбекстан азаматтары өздерінің Отанына оралу керек.
«Біздің санауымыз бойынша, олардың саны 3000-ға жуық, біз оларды отанымызға қайтаруымыз тиіс. Оралғандар «Бустон» шипажайына жайғасты, онда 180 дәрігер оларды бақылап жүр. Оралғандармен біздің имамдарымыз әңгіме өткізеді. Біз шипажайға 20 отин ойи (медресе бітірген білімді әйелдер — Ред.), орналастырдық. Олар әйелдермен әңгіме өткізеді, себебі балалардың көкейінде соғыс сезімі, кек, ашулану және адамдарға дұшпандық ұялатты», — деп атап өтті мүфти.
Сонымен қатар, ол әйелдер, балалар мен ерлер санын нақтыламады.
Бұл күндері өзбек телеарналары мен жергілікті интернет-сайттар үнемі Сириядан қайтып келгендермен болған сұхбаттарды беріп отырады. Сириядан оралған әйелдер Сирияға өз күйеулерінің, әкелерінің, інілерінің немесе ұлдарының мәжбүрлеуі және алдауы бойынша кеткендерін айтады. Сириялық және Ирак лагерлері мен түрмелерінде өзбек джихадистері туралы ресми ақпарат жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, 30 мамыр күні Өзбекстан үкіметі Сириядан арнайы әуерейспен «Аль-Холь»лагерінде болған 156 адам елге жеткізілді. 156 адамның 48-і-әйелдер, 107-і-кәмелетке толмағандар.
Өзбекстан билігінің мәлімдеуінше, құтқару операциясы жалғасады. Сирияның солтүстік-шығысындағы «Аль-Холь» лагерінде ғана Өзбекстанның 150-ден 500-ге дейін азаматы тұрған.